Тілсіз жау түнге қарай ғана, 9 сағаттан кейін ауыздықталды
Мәскеудің орталығындағы 3 вокзал алаңында орналасқан гүл қоймасында тұтанған өрт 7 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы The Insider хабарлады.
Өрт 20 қараша күні күндіз, Комсомол көшесіндегі №1А екі қабатты кірпіш үйдің 18-құрылымында басталған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді жайлаған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды түнге қарай ғана, 9 сағаттан кейін ауыздықтады.
Тергеу комитеті өрттің шығуына «сақтауға қойылмайтын тауарлар мен өрт қауіпсіздігінің сақталмауы» себеп болғанын алға тартты.
Өрттің салдарынан осы үйде тұратын 7 адам жантәсілім етті.