×

Қазақстан мен Өзбекстан шекараны шегендеу мәселесіне нүкте қоймақ

Қос тарап бірін-бірі түсінген

 Дәурен Ерболат 21.11.2022 | 16:10
Фото: politobzor.net

Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобасын қол қоюға дайындады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, биыл 14-19 қараша аралығында Ташкентте бірлескен Қазақстан – Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жүзінші отырысы өткен болатын. Оған екі елдің Үкімет делегациялары қатысты.

Қос тарап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған шартқа қосымша болып саналатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттардың жобасын қол қоюға дайындады. Сондай-ақ тараптар бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды. Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама