Синоптиктердің айтуынша, қарашаның үшінші онкүндігінде күн күркіреуі шынымен де сирек кездесетін құбылыс
Алматыда тұрғындар сирек кездесетін табиғат құбылыстарының бірін байқады, деп хабарлады Tengrinews.kz.
20 қарашада кешкі сағат 21:00 шамасында қалада жаңбыр басталды. Сәлден кейін кейбір қала тұрғындары найзағайдың куәсі болды. Алматылықтардың айтуынша, бұған дейін қарашаның аяғында күн күркірегені есте жоқ.
Түн ортасына таяп қалғанда, жаңбыр құйып кетті. Аспанда найзағай ойнағанын көрдік. Бір кезде күн қатты күркірегені сонша, тіпті басқа жаңбырлы мезгілдерде бұлай болғаны есімде жоқ. Қарудан оқ атқандай күшті болды, - дейді Достық пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысына жақын маңда тұратын азамат.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда жауын-шашынның көп болуына фронталь бөліктердің өтуі және ауа температурасының күрт ауысуы себеп болған. Олардың айтуынша, қарашаның үшінші онкүндігінде күн күркіреуі шынымен де сирек кездесетін құбылыс.
20 қарашада түстен кейін күн 13 градусқа дейін жылынып, түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеді. Температураның төмендеуі 10 градус болды. Тауларға жақындаған жылы ауа массасы таулардағы суықпен араласып, нәтижесінде қатты жауын-шашын болды: әртүрлі аймақтарда 12-ден 29 миллиметрге дейін жауын-шашын түсті.
Аласа таулар мен тау бөктерінде жаңбыр мен қар жауды, ал үлкен тауларда қар жауды. Қарашада күн күркірегені өте сирек құбылыс, бірақ болады. Қазақстанның оңтүстігінде қарашада он жылда 1-2 рет болады. Сондықтан алматылықтар сирек кездесетін құбылыстардың бірін байқады», - дейді мамандар.