×

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» кездесетінін айтты

Боксшы жекпе-жекті келесі жылға жоспарлап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөз

Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылғы жоспарын айтты.

Ол келесі жылы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістіргісі келетінін жасырмады.

Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, иншааллах. 2023 жылы «Канеломен» айқасамын. Міне, менің жоспарым! Не болатынын көрейік, –  деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де. 

Осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының «Канелоның» ізбасары Хайме Мунгиямен жекпе-жегін бекітті. Бұл кездесудің қашан және қай жерде болатыны белгісіз. Өйткені оған 13 желтоқсанға дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл шара боксшының айғастан кейін қайта қалпына келуіне арналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама