×

Қостанайда «полицей» тұрғынды бопсалап, 2 млн теңгесін алып қойған

Ол жәбірленушіні қылмыстық жауапкершілікке тартумен және зиянды мәліметтерді таратумен қорқытқан

 Динара Амантай 21.11.2022 | 12:36
Фото: gov.kz

Қостанайда қала тұрғынынан ақша бопсалаған жалған полицей ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оны ұстау операциясын Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жүргізді.

Полицияға облыс орталығының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адамның ақша бопсалағанын хабарлады. Өтініш берушінің барлық дәлелдері мұқият тексеріліп, расталды, – деді Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев.

Тексеру кезінде күдіктінің Қостанайға келген Ақмола облысының тұрғыны екені анықталды. Ол жәбірленушіні қылмыстық жауапкершілікке тартумен және зиянды мәліметтерді таратумен қорқытқан. Осылайша, ол 2 миллион теңгеден аса қаражатты заңсыз алған.

Бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Өзіндік қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні Қостанай қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ол сотпен тұтқындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Серік Байғонов.

Еске сала кетсек, бұған дейін сондай бір «полицейдің» Астанада жезөкшелерден ақша бопсалағанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама