Halyq Uni логотип
×

Шымкенттік келіншек толғақ қысып жатқанына қарамастан сайлауда дауыс берген

Есімін жеңіске жеткен үміткердің құрметіне қоямын, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 21.11.2022 | 12:30
Шымкенттік келіншек толғақ қысып жатқанына қарамастан сайлауда дауыс берген
фото: ашық дереккөз

Елімізде кезектен тыс президент сайлауы күні Шымкенттегі перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда да сайлау учаскелері жұмыс істеген. Ол жердегі кейбір әйелдер толғағы қысса да өз таңдауын жасап үлгерген, деп хабарлады «Отырар» телеарнасы.

Солардың бірі – төртінші баласын күтіп жүрген Мухаббат Үрімбаева. Ол толғақ қысса да президент сайлауында дауыс беріп үлгерген. Мухаббат сәбиінің дәл осындай маңызды күні өмірге келетініне қуанатынын айтты.

Әрбір жарты сағат сайын толғақ қысып жатқанына қарамастан, өз дауысымды беруге келдім. Ұлым өмірге келген соң, есімін сайлауда жеңіске жеткен үміткердің құрметіне қоямын, - деді сайлаудың бүгінгі ресми қорытындысын күткен Мухаббат Үрімбаева.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сайлау күні елімізде 634 бала дүниеге келген. Жалпы есебі – 328 ұл, 306 қыз десек, оның ішінде 6 егіз бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама