×

Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген мексикалықпен жұдырықтасады

Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі

 Еркеғали Болатұлы 21.11.2022 | 11:55
фото: bassport.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасындағы жекпе-жекті бекітті деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық боксшы Гонсало Корияны нокаутқа жіберді.

WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы келіссөзді бастауға рұқсат беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі, – делінген ұйым боксшылардың өкілдеріне жіберген хатында.

Еске сала кетсек, 13 қарашада Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) арасында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа есептеліп, оның қорытындысы бойынша төрешілер Жәнібек Әлімханұлын жеңімпаз деп таныды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама