Басты шайқас Донбаста болып жатыр
Днепр өзенінің оң жағалауында екі жақтың әскері түйісті
Украина қарулы күштерінің бас штабы қазір майдандағы басты шайқастардың Донбасс жерінде болып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.
Әзірге ресейліктердің кең ауқымда шабуыл жасап жатқаны жайлы айта алмаймыз. Бірақ негізгі ұрыс қимылдары Донбаста, екі жақтың түйісуі Днепр бойында болып жатыр, – делінген хабарламада.
Украина қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің өкілі Юрий Игнат телемарофон эфирінде осыған қатысты бірқатар тұжырымдар айтты.
«Ресейліктер қазір барын салып шабуылдауға кірісті. Бірақ ілгері жылжыған түктері жоқ. Мұны бұлар, біріншіден, өздері басып алған жалғыз облыс орталығы – Херсонды беріп қойғаннан кейін соның орнын толтырмақ. Жұртшылық алдында ақталмақ ниетте жасап жатса, екіншіден, осылай біраз тықсырып алып барып, бізді келіссөз жүргізуге мәжбүр етпекші. Соғыс қимылдары негізінен Донбасс өңірін қамтып отыр. Екі жақ та бұған барын салуда. Жау өлген-тірілгендеріне қарар емес. Біз де олардан тайсалып жатқан жоқпыз. Қайта майдан шебін біршама тұрақтандырып алдық. Әзірге ұрыс қимылдарының түйісу нүктесі Днепр өзені болып тұр. Қалғанын уақыт көрсетеді», – деді ол.
Сондай-ақ сарапшы ресейліктердің Бахмут және Авдеевка бағыттарында ғана шабуылдай алып жатқандарын айтты.