×

Алматы мен Анкара арасында жаңа әуе рейсі ашылды

Түрік компаниясының ұшақтары аптасына екі рет ұшып отырады

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2022 | 10:32
фото: skytraxratings.com

«Turkish Airlines» түрік әуекомпаниясының еншілес кәсіпорны –  «AnadoluJet» компаниясы Алматы – Анкара бағытында жаңа әуе рейсін ашты.

Іс-шара Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың, «AnadoluJet» компаниясы бас директорының орынбасары Маджит Бояр мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунг Ерсойдың қатысуымен өтті.

Рейстер аптасына екі рет жасалады. Екі қаланың аралығында «AnadoluJet» компаниясының В-737 ұшағы ұшып отырады.

Бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы, туризмді, бизнесті дамытуға әсерін тигізеді, - деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

«AnadoluJet» - «Turkish Airlines» әуекомпаниясының еншілес кәсіпорны, бюджеттік тасымалдаушысы. Ол 2008 жылы құрылған. Компанияның ұшағы алғашқы халықаралық рейсті 2020 жылдың 11 маусымында жасаған.

Компания Ыстанбұл қаласының Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы мен Анкара қаласының Есенбога халықаралық әуежайында орналасқан.

Компанияның паркінде 59 Boeing-737 типті ұшақтары бар. Оның ұшақтары Түркия, Еуропа мен Таяу Шығыстың 89 қаласына (41 ішкі және 48 халықаралық) 134 бағыт бойынша (69 ішкі және 65 халықаралық) рейс жасап отырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама