Украина Ресейдің Қара теңіз флотын нысанаға алды
РФ-ның Қырымдағы соңғы сүңгуір қайығына қауіп төніп тұр
Украина қарулы күштері Ресейдің Қара теңіз флотының соңғы сүңгуір қайығын жойып жіберуге дайын отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Ресейдің Қара теңіз флотының көп бөлігі қазір украин дрондары жете алатындай қашықтықта тұр.
Украина қарулы күштерінің суасты дрондары бұдан бірер күн бұрын Новороссийск портына шабуыл жасады. Осы портқа жақын жерде Қара теңіз флотының бір бөлігінен көшіріп әкелінген әскери-теңіз база орналасқан. Демек, украин беспилотниктері енді бұған да жете алады, – деп хабарлады портал.
Порт Украина қарулы күштерінің қазан айының соңында Севастопольдегі Қара теңіз флотына тап осы дрондармен шабуыл жасаған. Осының өзі украин беспилотниктерінің Новороссийскідегі әскери базаға емін-еркін жете алатынын көрсетеді.
Портал хабарлағандай, Новороссийскідегі ірі соғыс-теңіз базасы мұнай терминалынан онша алыс емес. Одессадан 675 шақырым қашықта, Севастопольге қарағанда, украин территориясынан айтарлықтай алыста орналасқандықтан, база осы кезге дейін қауіпсіз саналып келді.
Украина қарулы күштері 29 қазанда Севастопольге шабуыл жасағаннан кейін Қара теңіз флотының бір бөлігі тап осы Новороссийскіге жіберілді, – деп жазды АҚШ-тың Әскери-теңіз институты.
Базада қазір Украинадағы соғысқа тікелей қатысы болған әскери корабльдер тұр. Мәлімет бойынша, олардың арасында қыркүйек айында Севастопольден жеткізілген «Кило» класты сүңгуір қайықтар да бар. Қара теңіз арқылы украин жеріне десант түсірген бірқатар соғыс кемелері де осында.
Жақында спутниктен түсірілген суреттер көптеген соғыс кемелерінің портта тұрғанын көрсетті.