Қазақстан президенттігіне алты азамат үміткер болды
«Ашық қоғам» халықаралық өңірлік зерттеулер институты кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.
Барлық өңірде орналасқан 354 сайлау учаскесінде 1 062 интервьюер Қазақстанның 304 мыңнан астам азаматына сауалнама жүргізген. Нәтижесінде сайлаушылардың келуі 68,7 пайызды көрсетті.
«Ашық қоғам» институты мәліметінше, «Сіз өз дауысыңызды ел президенттігіне кандидаттардың қайсысына бердіңіз?» деген сұраққа төмендегідей жауап алынды:
Ал «Amanat» партиясының қоғамдық саясат институты өткізген Exit poll нәтижесі:
«Социс-А» институты жүргізген сауалнама нәтижесі мынадай:
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сағат 22.00-дегі мәлімет бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алғанын хабарлады. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 69,43%-ы.
Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 10 101.
Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам.