×

АҚШ-та дауыс беру басталды – ОСК

Тізімге енгізілгендердің 67,85%-ы таңдауын жасады

 Дәурен Ерболат 20.11.2022 | 18:23
Фото: Halyq Uni

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауында 8,1 млн адам дауыс бергенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 668 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 67,85%-ы, - деді ОСК мүшесі.

Оның ішінде:

  • Абай облысы – 78,88%,
  • Ақмола облысы бойынша – 75,82%,
  • Ақтөбе облысы – 71,23%,
  • Алматы облысы – 70,92%,
  • Атырау облысы – 67,87%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 64,77%,
  • Жамбыл облысы – 77,27%,
  • Жетісу облысы – 77,08%,
  • Қарағанды облысы – 77,80%,
  • Қостанай облысы – 77,56%,
  • Қызылорда облысы – 77,20%,
  • Маңғыстау облысы – 64,57%,
  • Павлодар облысы – 77,12%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 77,46%,
  • Түркістан облысы – 80,25%,
  • Ұлытау облысы – 74,45%,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 76,81%,
  • Астана қаласы – 48,01%
  • Алматы қаласы – 27,93%
  • Шымкент қаласы – 59,56%.

Шавкат Өтемісов АҚШ пен Канада да дауыс беру басталғанын атап өтті.

Вашингтонда, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды. Сан-Францискодағы тағы бір сайлау учаске уақыт белдеуін ескеріп, кешірек ашылады, - деді ол.

Бұған дейін қай өңірлерде сайлаушылардың белсенділігі төмен екені белгілі болған еді.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың жартысынан көбі дауыс бергенін хабарлаған.

Айта кетейік, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.

Сайлауға 6 кандидат қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама