Террористердің ұялары тура көзделген соққылармен жойылып жатыр
Түркияның Қорғаныс министрлігі өздерінің Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі күрд құрамаларының позицияларына әуеден соққы бергенін растады, деп хабарлады РБК.
Бұған дейін Түркия «Күрдістанның жұмысшы партиясын» 13 қарашада Стамбұлда болған терактіге қатысы бар деп мәлімдеген болатын.
Анкара Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі күрдтер басып алған аудандарға соққы берді. Өйткені бұл аумақтарды лаңкестер Түркияға шабуыл жасау үшін база ретінде пайдаланды, – делінген ресми хабарламада.
Әуе шабуылдары негізінен «Күрдістанның жұмысшы партиясын» (КЖП), Күрдістан қауымдар Одағын (КҚО) және күрдтердің халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын бейтараптандыруға бағытталған «Тырнақ-қылыш» операциясы аясында жасалған.
Кейінірек Түркия Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі парақшасында соққылардың нысанаға дәл тигені туралы хабарлама пайда болды.
«Террористердің ұялары тура көзделген соққылармен жойылып жатыр», – деп мәлімдеді Түркияның Қорғаныс министрлігі.