×

«Біз жеңіп жатырмыз». Мейрам Қажыкен үміткерлердің соңғысы болып дауыс берді

Бізге халық соңынан еретін президенттің құзырындағы ауқымды реформалар қажет, дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 20.11.2022 | 12:31
фото: exk.kz

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс беруге зайыбы және қызымен барып қатысты.

Біз жеңіп жатырмыз. Бірақ екінші тур болады деп ойлаймын. Мен және тағы бір үміткер өтеміз, - деді Мейрам Қажыкен.

Еске сала кетсек, оны президенттікке үміткер ретінде «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығы» ұсынған болатын.

Адамдар өзгерістерді күтуде. Сондықтан өзгерістер дереу басталуы керек және олар айқын, нақты, әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістер болуы керек. Сондықтан мен бүгін нақты реформаларға дауыс бердім. Бізге халық соңынан еретін президенттің құзырындағы ауқымды реформалар қажет, - деді Мейрам Қажыкен.

Жалпы, бүгін оған дейін үміткерлер Салтанат Тұрсынбекова, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден және Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген болатын. Мейрам Қажыкен сайлау учаскесіне олардың ең соңғысы болып барды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама