×

Ақмола облысында жел электр станциясы қарқынды дамып келеді

Олар Астананы энергиямен қамтамасыз етіп отыр

 Еркеғали Болатұлы 20.11.2022 | 12:08
фото: egemen.kz

Қазір Ақмола облысында «жасыл» және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалану бойынша 8 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы, өңірде 13 жоба қолға алынған. Тартылған инвестиция көлемі – шамамен 285 млрд теңге.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола өңіріндегі қуаты 750 кВт жел қондырғысы осыдан 9 жыл бұрын «Родина» агрофирмасына орнатылған болатын. Ал 2015 жылы Ерейментау ауданында «бірінші жел электр станциясы» іске қосылып, 2019 жылы жел электр станциясының алғашқы кешені бой көтерді.

Бүгінде өңірде 13 жоба қолға алынған. Оның 8-і Аршалы, Ерейментау, Целиноград аудандарында іске асырылған. Енгізілген энергия нысандарының белгіленген қуаты – шамамен 280 МВт, - деді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

Ерейментау ауданында құны 27 млрд теңге болатын жел электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол жыл соңында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ Аршалы ауданында құны шамамен 98 млрд теңге болатын 206 МВт жел электр станциясы салынатын болды.

Өндіріс қуаттылығы жылына 100 МВт 29 генератор салынды. Бұл жоба «бір оқпен екі қоян атуға» мүмкіндік беріп отыр. Біріншіден, экономикалық жағынан тиімді болса, екіншіден екі қолға бір күрек таппай отырғандарды еңбекпен қамтиды. 300 жұмыс орны құрылды. Жел электр станциясы Астана қаласын энергиямен қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ бұл кәсіпорын ауданға 84 миллиард теңге инвестиция құйып, аймақтың дамуына үлкен қолдау көрсетуде», - деді Аршалы аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Самат Еңсебаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама