Үш сағатта 2 миллионнан аса қазақстандық дауыс беріп үлгерді
Тізімге енгізілген азаматтардың 23,37 пайызы бюллетень алды
Астана уақыты бойынша сағат онға дейін Қазақстанда сайлаушылардың 23,37 пайызы дауыс беруге келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюллетенін алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 23,37 пайызын құрады», - деді Шавкат Өтемісов.
Оның ішінде:
- Абай облысы – 25,64%
- Ақмола облысы бойынша – 21,21 %
- Ақтөбе облысы – 26,66 %
- Алматы облысы – 20,12 %
- Атырау облысы – 25,03 %
- Батыс Қазақстан облысы – 20,86%
- Жамбыл облысы – 23,27%
- Жетісу облысы – 25,58%
- Қарағанды облысы – 32,27%
- Қызылорда облысы – 29,41%
- Қостанай облысы – 26,97 %
- Маңғыстау облысы – 25,20%
- Павлодар облысы – 27,90%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 27,33%
- Түркістан облысы – 27,03%
- Ұлытау облысы – 27,81%
- Шығыс Қазақстан облысы – 23,17%
- Астана қаласы – 13,73%
- Алматы қаласы – 8,42%
- Шымкент қаласы – 30,92%.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам.