«Жәрдемақы 8,5%-ға өседі»: премьер-министр қаулыға қол қойды
Әлеуметтік төлем мөлшері 8,5%-ға өседі
Қазақстанда еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылғандардың төлемақысы көтеріледі. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов «Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыға қол қойды.
Әлеуметтік төлем мөлшері 8,5%-ға өседі.
«2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдерінің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын», - делінген қаулыда.