×

21 қарашадан бастап ҰБТ-ға дайындайтын тегін сабақтар басталады

Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі

 Халық үні 19.11.2022 | 21:58
Фото: azh.kz

21 қараша күні ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез келген уақытта көре алауы үшін сақталады.

​«Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, үшінші жыл өткізіп отыр. Биыл 8 орталық сабақ береді. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қосты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама