×

Қазақстан елшілігі Киевте жарылыс болған аумақтан 800 метр қашықтықта орналасқан

Елшіліктегі барлық қазақстандық азамат жертөледе болған, олардың ешқайсы зардап шекпеген

 Ербол Тұрымбет 02.03.2022 | 15:16
Дархан Қалетаев, фото: yvision.kz

1 наурызда Киев қаласындағы телемұнара маңында жарылыс болды. Ал Қазақстанның Украинадағы елшілігі орналасқан ғимарат жарылыс болған жерден 800 метр қашықта орналасқан. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев мәлімдеді.

Қалетаевтың айтуынша, елшіліктегі барлық қазақстандық азамат жертөледе болған. Олардың ешқайсы зардап шекпеген.

Меніңше, елшілікке ешкім тиіспейді. Ең бастысы - қаңғыған снаряд тиіп кетпесе болды, - деді Дархан Калетаев.

Бүгін Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ұйымдастыруымен ел азаматтары мінген тағы 3 автобус Киевтен Львовқа жолға шықты.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Алматының халықаралық әуежайына Air Astana әуе компаниясы Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының алғашқы тобын алып келді. Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс кеше кешкісін Нұр-Сұлтанға қонды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті

Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды
09.06.2023 | 15:28

Қазақстан жасөспірімдер құрамалары Молдовамен кездеседі

Матчта 14 пен 19 маусым аралығында болады
09.06.2023 | 15:21

Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған

Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан
09.06.2023 | 15:11

Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды

Ол белгіленген 30 шақырымды 36 минут 11.058 секундта жүріп өтті
09.06.2023 | 15:03