×

Көкшетау тұрғыны өзінің 5 жасар баласын байлап, аш халде ұстаған

Тексеруден кейін бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды

 Еркеғали Болатұлы 18.11.2022 | 17:01
фото: дереккөз

Көкшетау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 2017 жылғы баласын байлап, аш қалдыратын туысының үстінен шағым түсірген. Бұл туралы әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Тексеру барысында 37 жастағы жігіттің бірінші некесінен 3 және екінші некесінен 4 баласы бар екені анықталды. Бәрі де кәмелетке толмаған. Қазір ол екінші әйелімен тұрып жатыр екен.

Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері аталған мекенжайға барып, баланың шынымен де әлсіреп кеткенін көрген. Ал ата-анасы оның денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.

Содан кейін ол үйге педиатр жіберіліп, тексеруден кейін бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

«Көкшетау қалалық полиция басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық органына сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жолдады. Қазір тексеру жүріп жатыр. Балаға сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ПБ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама