Алматыдағы «Бақ орда» базарынан өрт шықты

Дастан Жұмабекұлы

Тілсіз жау 80 шаршы метрді қамтыды

фото: ашық дереккөз

Алматыда «Бақорда» сауда үйіндегі бутиктер өртенді.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сауда бутиктерінде 80 шаршы метр жер отқа оранған.

Бүгін сағат 13:56-да Алатау ауданы, Ырысты көшесі, 46/2А мекенжайы бойынша құрылыс бөлшектерін сататын сауда бутиктерінде ауданы 80 шаршы метр өрт шықты. Ол 5 минутта ауыздықталып, сағат 14:25-те толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Жедел шаралар өрттің «Бақорда» сауда үйіне таралуына жол бермеді, –  деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Еске сала кетсек, Алматыда жыл басынан бері жалпы тұрғын үй секторында 325 өрт тіркелген.