Гол екінші таймда салынуы керек болған
Катар жеңіске жету үшін Эквадор футболшыларын «сатып алуға» әрекет жасады деп айыпталып жатыр. Бұл туралы «Известия» хабарлады.
Катар өз елінің құрамасынан жеңілулері үшін (есеп 0:1, гол екінші таймда салынуы керек) Эквадордың 8 футболшысын 7,4 млн доллар ақшаға сатып алған. Бұл мәліметті екі елдің де ақпарат құралдары растап отыр. Бұл туралы журналист Амджад Тах та өзінің Twitter-дегі аккаунтына жазған.
Катарда өтетін кезекті әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 желтоқсанда аяқталады. Мундиаль осы жолы бірінші рет қыс айларында өтеді. Себебі Катарда жаз айлары өте ыстық болады.
Айта кетсек, Катар мен Эквадор әлем чемпионатының ашылу салтанаты болған соң кездеседі. Ал кездесу Эль-Хаур қаласындағы «Эль-Байт» стадионында болады.