Павлодар облысында Сайлаубек атты аққу құтқарылды (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат
Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұздағы Ащысу көлінде мұздың үстінде жүрген аққу құтқарылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, құсты орманшылар іздеген.

Темір жол бойындағы көлде жалғыз аққудың жүргені туралы зооволонтерларға Нұрбол есімді жолсерік хабарлады. Осыдан 5 күн бұрын құсты құтқармақ болған едік, бірақ түк шықпады. Бүгін орманшылар қайтадан келді, - деді ол.

Орманшылар қайықпен қамыстардың арасын аралап жүріп, аққуды әрең тапқан.

«Көлдің бетін мұз басып, қатып қалған. Бірақ мұз әлі жұқа», - деді Аждар Жүсіпов.

Осы орайда, ол еліміздегі кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында құтқарылған аққуға Сайлаубек деген ат берілетінін атап өтті. Бүгінде құс орман шаруашылығына орналастырылған.