×

Жыл сайын экстремизм бабымен қанша адам сотталады?

Экстремизм Қылмыстық кодекстегі 6 бапта қамтылған

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 10:50
Фото: zakon.kz

Қазақстанда жыл сайын экстремизм бойынша орта есеппен 61 қылмыстық іс (2018 жылдан 2022 жылғы қазанға дейінгі көрсеткіш) қозғалады, деп хабарлады Ranking.kz.

Бұл бір кездері шын мәнінде билікті күшпен басып алғысы келгендерге қарсы пайдаланылған. Бірақ соңғы 3 жылда Human Rights Watch 2021 жылы атап өткендей, өзін сынаушыларды қудалау үшін Үкімет экстремизм туралы түсініксіз және шектен тыс айыптауларды кеңінен қолдана бастаған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстандағы терроризм туралы өзінің жылдық есебінде де өзгеше ойлайтындарды қудалауға қатысты алаңдаушылық білдірді. Баяндамада Үкіметтің «діни экстремизмге» қарсы күресті жалғастырып жатқаны атап өтілді. Дегенмен құқық қорғау органдарының нені терроризм мен экстремизмге жатқызып, нені жатқызбайтынынын шешетін үлкен құзіреті саяси немесе кез келген басқа қарсыластарды қудалауға алып келеді.

Заң «экстремизм» ұғымының күрделі сипатын ашып көрсетпейтін жалпылама мағына береді. Экстремизм Қылмыстық кодексте кем дегенде 6 бапта қамтылған. Олардың ішінде:

  • Экстремистік топ құру және оған басшылық ету;
  • Экстремистік әрекеттерді қаржыландыру;
  • БАҚ-та экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру;
  • Экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту;
  • Экстремистік дайындықтан өту;
  • Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу.

Соңғы 5 жылда экстремизмге қатысты оқиғалардың ең көп саны 2018 және 2020 жылдары тіркелген: 74 және 84.

Бұл ретте Қазақстан билігі Қылмыстық кодекстің 405-бабына («Экстремистік ұйымды ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу») жиі жүгінеді.

2018 жылдан бастап 2022 жылғы қазанға дейін бұл баптың үлесіне орта есеппен шамамен 75,4%, яғни экстремизмге қатысты 4 жағдайдың 3-еуі тиесілі.

Ресми статистикадан ел қауіпсіздігіне төнген нақты қатерді өзгеше ойлайтындарды қудалаудан ажырату үшін сотталушылардың істердегі уәжін анықтау мүмкін емес.

Алайда Human Rights Watch ұйымының мәліметінше, тек 2021 жылдың өзінде «экстремистік» деп тыйым салынған оппозициялық қозғалыстарға қатысқаны үшін кемінде 135 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ресми мәлімет бойынша, былтыр 405-бап бойынша 50 іс тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама