×

Дәрігерлер боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайын айтты

Спортшы медициналық комадан шықты

 Дастан Жұмабекұлы 18.11.2022 | 10:42
фото: ашық дереккөз

ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың белгілі шолушыларының бірі Дэн Рафаэль боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы жағымды ақпарат жариялады.

Ол дәрігерлердің берген мәліметіне қарап, Ербосынұлының медициналық комадан шыққанын және жағдайының жақсарғанын айтты.

Жекпе-жектен кейін екі апта өткенде боксшының жағдайы жақсарды. Айдос сөйлей алады. Аздап өз бетінше жүре алатын болды, –  деді Дэн Рафаэль.

Еске сала кетсек, отандасымыз кубалық Давид Моррелден нокаут алып, жеңілгеннен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілген болатын. Ол ауруханада екі жұма комада жатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама