Halyq Uni логотип
×

Ақтауда ресейлік көлікті тіркеп беремін деп жүргізушіні алдаған алаяқ ұсталды

Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 09:19
Ақтауда ресейлік көлікті тіркеп беремін деп жүргізушіні алдаған алаяқ ұсталды
Фото: zib.com.ua

Ақтауда полицейлер жүргізушіні сан соқтырған 32 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

2021 жылғы наурызда алаяқ жәбірленушіге тиесілі Toyota Ipsum көлігін Ресей есебінен шығарып, Қазақстанда тіркеп беремін деп ақшасын алып, кейін уәдесінде тұрмаған.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын сомасы – 1,4 млн теңге.

Ақтау қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен 32 жастағы күдіктіні ұстады.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама