Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді

Дәурен Ерболат

2 науқастың жағдайы өте ауыр

Фото: nsn.fm

Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны өсіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

18 қарашадағы мәлімет бойынша бір тәулікте коронавирус 83 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 6 адамнан анықталды.

Елде 790 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 100 пациент стационарда, 690 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 6 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 72 адамнан СOVID-19 табылған еді.