Жұрт ерсі қылық көрсеткен ер адамды полицияға өздері ұстап берген
Алматыда тоғыз жастағы қызға тиіспек болған ер адамды полиция босатып жіберген. Кішкентай қызының қорқып қалғанын айтқан анасы әділдік іздейді, деп хабарлайды «Айбат» жаңалықтар қызметі.
Шаңырақ ықшам ауданында тұратын жұрт ерсі қылық көрсеткен ер адамды полицияға өздері ұстап берген. Алайда бір тәулік өткен соң істің тоқтағаны туралы хабарлама алғандарын түсінбей отыр.
«Кішкентай қызым алқынып жүгіріп келді. Анашым өмірімде қорқынышты жағдай болып жатыр деді. Түрі қорқынышты аға тиісіп жатыр. Сезімді ұстап алып, жібермей қойды деді. Ертесіне полиция бөліміне барсақ, «сіздердің қыздарыңызға түк болған жоқ қой. Аман-есен ғой. Қоя салмайсздар ма? Бәрібір соттата алмайсыздар» деген секілді сөздер айтты», - дейді Алматы қаласының тұрғыны Фарида Қожымбекова.
Жұрт күдікті ұсталған мезетте есіркіге масаң күйде болғанын айтады. Тіпті, орнынан да дұрыс тұра алмады дейді. Егер шара қолданбаса қылмысқа жол берілуі мүмкін деп отыр. Ал қалалық полиция департаменті болса бұл істің тіркелгенін, әлі қаралып жатқанын жеткізді.