×

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі

 Халық үні 02.03.2022 | 13:22
Қайрат Нұртай, фото: otyrar.kz

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қайрат Нұртай облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.

«Қайрат Ырзақұлұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Әр түрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын идеологиялық саланы одан әрі жетілдіруге аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін.Облыс әкімінің орынбасары ретінде Қайрат Ырзақұлұлы ішкі саясат, дін істері, жұмылдыру дайындығы, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік жасайтын болады. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», – деді облыс әкімі.

Қайрат Нұртай 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, Д.А. Қонаев атындағы университетін бітірген. Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі академиялық дәрежесі берілген.

Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы;

2006-2014 жылдары ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі;

2014-2015 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылғы шілде айынан бастап осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23