×

«Іссапарға жіберілген»: Ұлытау облысында «Қазақмыс» кенішінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Марқұм Өскеменнен іссапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған

 Халық үні 17.11.2022 | 23:48
Фото: pixabay.com

«Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды, -деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

Мәйіт бүгін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іссапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болып шықты. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 шақырым қашықтықта орналасқан.

«17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20