Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Шымкент қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаева кәмелет жасына толмаған қызды зорлау оқиғасының мән-жайын айтты, деп хабарлады elitar.kz.
Жанетта Жазықбаеваның айтуынша, ол Шымкент қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде полициядан толық мәлімет сұраған.
Ведомство берген мәліметке сәйкес, тамызда Абай аудандық полиция басқармасына қыздың анасынан шағым түскен.
«8 тамызда 2003 жылғы Ш. есімді бейтаныс жігіт пәтерінде түнеп шығуға ұсыныс жасаған. Ол қыздың 16 жасқа толмағанын білген. Алайда 2 қазанда ғана бұл факт ҚР ҚК 122 бабы 1-бөлігінда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелген», - дейді Жанетта Жазықбаева.
12 қазанда жәбірленушіге сот-медициналық және сот-психикалық сараптама жасалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жанетта Жазықбаева күдіктілер 2003-2004 жылғы Шымкент қаласы және Түркістан облысының тумалары екенін айтты.