×

Әлімханұлы тағы бір әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

Ол 17 қарсыласын нокаутқа жіберген Карлос Адамеспен қолғап түйістіруі ықтимал

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2022 | 15:31
фото: ашық дереккөз

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын сәтті қорғағаннан кейін тағы бір орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырып, оның келісімін алды.

Қазақ боксшысы Twitter-де барлық былғары қолғап шеберлерін жекпе-жекке шақырған еді. Оның бұл ұсынысын көп күттірмей, доминикалық спортшы Карлос Адамес қабылдады. Ол Жәнібек Әлімханұлының шақыруына «Мен дайынмын!» деп жауап берді.

Алайда бұл айқастың қашан болатыны белгісіз. Оған бірнеше фактор бөгет болып тұр. Біріншіден, боксшылар бір-біріне бәсекелес промоутерлердің қол астында жаттығады. Екіншіден, Адамес қазақ боксшысынан бұрын WBC чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Ал әзірше WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерден шеттетілді. АҚШ-тың Невада штатының атлетикалық комиссиясы боксшының 13 қараша күні британиялық Дензел Бентлимен айқасынан кейін осындай шешім шығарды. Қолда бар мәліметке қарағанда, мұндай шеттеу – қалыпты процедура. Бұл босшылардың жекпе-жектен кейін қалыпқа келуі үшін жасалады. Осылайша, Әлімханұлы 13 желтоқсанға дейін, ал Бентли 28 желтоқсанға дейін рингке шыға алмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама