×

Ресейлік банктерде топ-менеджер болған Андрей Тимченко Bereke Bank басшысы болып келді

Ол бұған дейін Сбербанк пен Альфа-банк басшылығында болған

 Бауыржан Мұқанов 17.11.2022 | 15:07
Фото: Bereke Bank баспасөз қызметінен

2022 жылдың 17 қарашасында «Bereke Bank» АҚ-ның негізгі акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Тимченко Андрей Игоревичті «Bereke Bank» АҚ-ның басқарма төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды Halyq Uni банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Андрей Тимченко банкті 2022 жылғы 11 шілдеден бастап басқарып келген Тасқаранов Нұрсұлтан Ғабділ-Мәжитұлының орнына келді.

Нұрсұлтан Тасқаранов банкте 2002 жылдан бастап қызмет атқарады және соңғы он жылда басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Оның басшылығымен банк командасы маңызды әрі ауқымды жобаларды іске асырды, өндірістік үрдістерді автоматтандыруға және банктік өнімдерді клиенттерге ұсынуды жеделдетуге мүмкіндік берген цифрлық трансформация жасалды, жеке және заңды тұлғалар үшін жаңа мобильді қосымша іске қосылды. Нұрсұлтан Тасқаранов өзінің қызмет барысында банктің дамуына елеулі үлес қосып, өзін білікті, білгір басшы ретінде танытты.  

Андрей Тимченко 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады, сондай-ақ Harvard Business School және London Business School сияқты жетекші американдық және еуропалық университеттерде бірқатар бағдарламалар бойынша білім алды.

А. Тимченко өз еңбек жолын 1997 жылы Ernst & Young-та салық кеңесшісі ретінде бастады.

1998-2013 жылдар аралығында «Казкоммерцбанк» АҚ-да инвестициялық банкинг департаментінің 2-санатты маманынан бастап басқарушы директор және басқарма мүшесіне дейін түрлі лауазымдарды атқарды.

2013 жылдың қазанынан бастап 2016 жылдың маусымына дейін «Сбербанк» АҚ ЕБ басшысының орынбасары қызметін атқарды, бөлшек бизнес бағытына жетекшілік етті.

2016 жылдың маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін «Альфа-Банк» АҚ ЕБ-да басқарушы директор – басқарма мүшесі және басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында еңбек етті. 2022 жылдың мамыр айынан маусым айына дейін Андрей Тимченко «Есо Center Bank» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама