Жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылған
Қарағанды облысындағы «Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр» учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті.
Сол себепті, аталған темір жол бөлігінде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Алдын-ала жасалған болжам бойынша, оқыс оқиға жекеменшікке тиесілі вагондардың ақауы салдарынан болған. Қазір арнайы комиссия құрылды.
Оқиға орнында Қарағанды, Жаңаарақа станцияларының 3 қалыпқа келтіру пойызы жұмыс істеп жатыр.