Halyq Uni логотип
×

РФ Херсоннан шығарған әскерімен Донецк облысына шабуылдап жатыр

Қыркүйекте айрылып қалған Харьков облысын қайта жаулауға әрекет жасауы да мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 17.11.2022 | 13:03
РФ Херсоннан шығарған әскерімен Донецк облысына шабуылдап жатыр
фото: warfiles.ru

Украинаның Донецк облысындағы соғыс күшейіп келеді. Қазір өңірдегі Павловка, Вольнодар, Бахмут, Марьянка елді мекендері үшін шайқас жүріп жатыр.

Бұл туралы Украина президентінің кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді. Басқа деректерге қарағанда, Украина қарулы күштері Авдеевка және Беклогоровка ауылдары маңында ресейліктердің шабуылына тойтарыс берген.

Айта кетсек, қазір Ресей Херсоннан әкеткен әскерін осы шығысқа жөнелтіп, Донецк, Луганск облыстарындағы бекіністерін күшейтіп жатыр. Сондай-ақ олар қыркүйекте айрылып қалған Харьков облысын қайта жаулауға әрекет жасауы мүмкін деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама