Кемерово облысында үш күндік қаралы күн жарияланды
Алдын ала мәлімет бойынша, Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апаттан 51 адам қаза тапқан, оның алтауы – құтарушы.
РФ бас прокурорының орынбасары Дмитрий Демешиннің айтуынша, төтенше жағдайдың себебі ұшқыннан туындаған метанның жарылуы салдарынан динамикалық соққы болған.
Тергеу аясында шахтаның 47 жастағы директоры, оның 59 жастағы бірінші орынбасары және 36 жастағы учаске басшысы ұсталды. Олар қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталды. Соның салдарынан газ-динамикалық құбылыс болған. №4 учаскенің вентиляциялық дрейфінің түтініне жұмысшылар тұншығып қалған.
Кемерово облысындағы қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.
25 қараша күні таңертең «Листвяжная» шахтасында жарылыс болды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 285 адам болған. Әзірге апаттан қаза тапқандардың саны 50-ден асты. Кемерово облысында үш күндік қаралы күн жарияланды.