Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

Халық үні

Жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды

фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді. 

Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Гол авторлары: Эркинов 12 (1:0), Шомуродов 45 (2:0). Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі.

Айта кетейік, Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген капитандықты тапсырды.