СҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам мерт болды (ФОТО)

Самат Жақып

Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде

фото: ашық дереккөзден

Бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында «Астана – Петропавл» автожолының 384 шақырымында жол көлік апаты болды, деп хабарлайды СҚО полиция департаменті. 

Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласы жағынан келе жатқан Петропавл қаласының 51 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Land Cruiser Prado» және облыс орталығынан бет алған Петропавлдық 51 жастағы тұрғынның басқаруындағы тіркемесі бар «Audi 100» автокөліктері бетпе –бет соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, 51 және 40 жастағы облыс орталығының тұрғындары мерт болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді,- делінген хабарламада. 

Арнайы сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жол сақшылары жолда абай болу керектігін ескертеді.