«Қазақ қыздарын еліктіруді үйретемін» - полиция ресейлік пикаперге қатысты үндеу жасады
Ол Алматыда тренинг өткізбек болған
Ресейлік Пикапер Кириллов Александрға, көбінесе «Алекс Лесли» лақап атымен танымал блогерге Қазақстанға бір жылға кіруге тыйым салынды.
Бұл туралы 16 қарашада Алматы полиция департаментінен хабарланды.
Алекс Лесли Алматыда тренинг өткізетінін жариялап, онда ерлерге «қазақ әйелдерін еліктіруді» үйретпекші болды.
«Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.