Halyq Uni логотип
×

Астанаға тағы 300-ден аса электравтобус жеткізілетін болды

Биыл 27 бағыт схемасы оңтайландырылып, жаңа бағыттар іске қосылған

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2022 | 17:29
Астанаға тағы 300-ден аса электравтобус жеткізілетін болды
фото: egemen.kz

Астанада 2023 жылы желіге 300-ден аса электравтобус шығады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен, City Transportation Systems компаниясы қазір 3 инвестормен автобус паркін 300-ден аса электравтобустармен жаңарту және толықтыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жеке инвестиция есебінен қалада автобус паркі де салынған.

Бұған дейін Астанада 115 электравтобус желіге қойылған болатын. Биылғы қыста тағы 50 электравтобусты шығару жоспарланған. Олардың басқа автобустардан артықшылығы – экологиялық тазалығында.

Сонымен қатар, биыл қоғамдық көліктердің 27 бағыт схемасын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа бағыттар іске қосылған. Bus lane жаңа учаскелері енгізіліп, 15 аялдама пункті жұмыс істеп тұр.

Осы уақытқа дейін 70 жылы аялдама орнатылса, қазір тағы 20 жылыту аялдамасы инженерлік желілерге қосылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама