Halyq Uni логотип
×

Елімізде 5 университет жабылуы мүмкін

Биыл ЖОО-ларға 28 рет тексеріс жүргізілген

 Дәурен Ерболат 16.11.2022 | 17:15
Елімізде 5 университет жабылуы мүмкін
фото: ОКҚ

Қазақстанда сапасыз білім беріп, тек диплом «таратумен» айналысқан 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Соңғы 2-3 жылда “диплом тарататын” университеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Биыл 28 рет мемлекеттік бақылау жүргіздік. Оның 14-і – жоспарлы түрде, қалғаны – профилактикалық бақылау», – деді министрдің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қуаныш Ерғалиев аталған жоғары оқу орындарында нақты қанша студент барын айта алмады.

Онда қанша студент білім алып жатқанын айта алмаймын. Алайда әр университетте шамамен 2-3 мың студент білім алады деп есептесек, онда 10 мың студент болуы мүмкін, – деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама