Halyq Uni логотип
×

Петропавлда тастанды сәби ауруханаға жеткізілді

Дәрігерлер әлеуметтік желіде баланың фотосы мен оған қатысты жалған ақпарат таратпауды сұрады

 Самат Жақып 16.11.2022 | 16:50
Петропавлда тастанды сәби ауруханаға жеткізілді
Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полиция төрт айлық сәбиді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әлеуметтік желіде сәбиді бәзбіреулердің аурухана есігінің алдына тастап кеткені туралы ақпарат тарады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 15 қараша сағат 16:30 шамасында полиция қыз баланы ауруханаға алып келіп, тиісті акт бойынша тапсырған.

Мамандар сәбидің денсаулығын тексеріп, бақылауға алды.

Облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілігі сәбидің заңды тағдырын анықтау үшін Петропавл қаласы білім бөлімі жанындағы қамқоршылық органға сұрау жіберді.

«Ауруханада емделіп жатқан науқастар үшін ешқандай ақшалай және заттай көмек жинамауды сұраймыз. Баланы қажетті заттармен толық қамтамасыз етеміз. Сәбиге уақытында тамақ беріліп, күтім көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілігі.

Сондай-ақ дәрігерлер әлеуметтік желіде баланың фотосы мен оған қатысты жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлда 39 жастағы әйел басқа қалаға жұмысқа кеткен қызының сәбиінен бас тартып, 3 айлық баланы полиция инспекторына ұстатып жіберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама