Қазақстан бойынша желдің күшеюі (15-23 м/с), көктайғақ, тұман күтіледі
«Қазгидромет» РМК 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің көп бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклоны ықпал етеді. Сол себепті, ел аумағында жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.
Сондай-ақ Қазақстан бойынша желдің күшеюі (15-23 м/с), көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталықта бұрқасын және түнде -8-22 градусқа дейін аяз болатыны болжанған.
Одан бөлек, солтүстікте қар, оңтүстік пен батыста қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.