×

Алдағы үш күнде елімізде -22 градусқа дейін аяз болады

Қазақстан бойынша желдің күшеюі (15-23 м/с), көктайғақ, тұман күтіледі

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2022 | 16:26
фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің көп бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклоны ықпал етеді. Сол себепті, ел аумағында жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ Қазақстан бойынша желдің күшеюі (15-23 м/с), көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталықта бұрқасын және түнде -8-22 градусқа дейін аяз болатыны болжанған.

Одан бөлек, солтүстікте қар, оңтүстік пен батыста қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама