Halyq Uni логотип
×

Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды

Өрт техникалық ақаудан шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 16.11.2022 | 15:59
Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды
фото: sozcu.com.tr

Түркияның Ыстанбұл қаласында болған екінші жарылыстың себебі анықталды.

Eadaily.com-ның Soucu газетінің жазуынша, қаладағы орталық аудандардың бірінде көліктегі жарылысқа техникалық ақау себеп болған. 

Мен көлікте келе жатқанда дизель отынының иісін сездім. Банкоматтан ақша алайын деп тоқтадым. Осы кезде көлік жанып, жалын көрші автомобильдерге шарпыды, –  деді көліктің иесі басылымға берген сұхбатында. 

Өрт банкомат пен оның жанындағы ғимаратқа да тараған.  

Газеттің хабарлауынша, полиция мен өрт сөндірушілер оқиға болған жерден теракт пен қасақана өртеудің деректерін таппаған. 

Оқиға кеше, 15 қараша күні түнде Ыстанбұлдағы Фатих ауданында болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама