Бес адам құтқарылды
Астанадағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан №14 үйден өрт шықты.
Өрт сөндірушілер пәтерден 5 адамды құтқарды.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңертең өрт сөндіру бөлімшесіне Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
«Өрт сөндірушілер 3 минутта шақырту орнына барып, 15 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан пәтердегі өртті сөндірді. Қызметкерлер әуелі көмек сұраған адамдарды құтқарып, 5 адамды ажалдан аман алып қалды. Оның біреуі бала болды. Жалпы, 10 адам эвакуацияланды, - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз өызметі.