×

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Бес адам құтқарылды

 Дастан Жұмабекұлы 16.11.2022 | 14:44
фото: ашық дереккөз

Астанадағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан №14 үйден өрт шықты.

Өрт сөндірушілер пәтерден 5 адамды құтқарды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңертең өрт сөндіру бөлімшесіне Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер 3 минутта шақырту орнына барып, 15 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан пәтердегі өртті сөндірді. Қызметкерлер әуелі көмек сұраған адамдарды құтқарып, 5 адамды ажалдан аман алып қалды. Оның біреуі бала болды. Жалпы, 10 адам эвакуацияланды, - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз өызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама