Украинада ресейлік әскерилер мас болып, бір-бірімен атысты
Атысты соғысқа мобилизациямен келгендердің бірі бастаған
Ресей армиясына мобилизация жолымен алынған сарбаздар Донецк облысының Мелитополь қаласындағы дәмханада мас болып қалып, бір-біріне оқ атты. Бұл туралы «УНИАН» хабарлады.
Дәмханада ішімдік ішіп, қару қолдану арқылы өзара есеп айырысуға 12 оккупант қатысқан.
Уақытша басып алынған Мелитопольде 11 қараша күні РФ қарулы күштерінің әскери қызметкерлері кафеде араққа тойып алып, бір-бірімен атысқан. Олардың арасында капитан, лейтенант, екі кіші сержант, ефрейтор және жеті қатардағы жауынгер болған, – делінген хабарламада.
Барлық 12 адам ұсталды.
Инцидент кешке ішімдік ішетін «Джокер» деген орында болған. Басында мас оккупанттар бір-бірімен сөзбен салғыласқан, сосын бірі оқ атқан. Бұған артынан басқалар да қосылған. Соның салдарынан бір әскери қызметкердің иығына оқ тиген.
Келген «әскери милиция» қызметкерлері жанжалға қатысушыларды уақытша ұстау орындарына жеткізген.
Ұрыс-керістің нақты себептері айтылған жоқ.