×

Украинаның ЕуроОдаққа кіру туралы өтініші тіркелді

Өтініш тіркеліп, ЕО-ға мүше болу процесі басталғаны айтылды

 Ербол Тұрымбет 01.03.2022 | 19:04
фото: twitter.com/VVChentsov

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Еуропалық Одаққа кіру туралы өтініші тіркелді. Бұл туралы Украинаның ЕО-дағы өкілі Всеволод Ченцов мәлімдеді.

«Президент Зеленский қол қойған Украинаның ЕО мүшелігіне өтінішін Францияның ЕО-дағы тұрақты өкілі Филипп Леглиз-Костаға тапсырдым. Өтініш тіркелді, процесс басталды», - деп жазды Ченцов.

Бұған дейін Зеленский Украина ЕО-ға мүше болуға құқылы екенін мәлімдеген болатын. Ол украин армиясы өз жері үшін ғана емес, жалпы Еуропа үшін соғысып жатқанын айтып, «ұйымға кіруге лайықты» екенін жеткізген.

Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке бұл ұзаққа созылатын трансформациялық процесс екенін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін ескерткен.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама