Mercedes ішінде 2 адам өртеніп кеткен
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытта шығып, жылдамдығын үдеткен. Көлік Mercedes-пен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан неміс иномаркасы бірден өртеніп кеткен.
«Toyota жүргізушісі алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды», –дейді куәгер.
Mercedes-тің ішінде 2 адам өртеніп кеткен.
«Апат салдарынан бір көлік өртеніп, екі адам қаза болды. Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік апатына кінәлі адам 10 жылға сотталады.